$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Мемлекет басшысы барлық саладағы мәселелерді ашық айтты", - сарапшы

04.01.2024ж. 20:00
769
"Мемлекет басшысы барлық саладағы мәселелерді ашық айтты", - сарапшы

Әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер біртіндеп шешіле бастады. Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында осылай деді. Биыл елімізде 90 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынған. Оның 59-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында іске қосылды. Нәтижесінде 2 млн 500 мың ауыл тұрғыны профилактикалық тексеруден өткен. Бұдан бөлек, шалғай ауылдағы 50 мың тұрғын медициналық пойыз қызметін пайдаланды.

Амир КАБКЕНОВ, ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ЖОБАЛАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ауылдық елді мекендерді медициналық кадрлармен қамтамасыз ету деңгейі 85 пайызды құрайды. Сондай-ақ 228 ауылдық елді мекенде жеке медициналық ғимараттар жоқ. Медициналық-скнитарлық алғашқы көмек ұйымдарының медициналық инфрақұрылымдарының 50 пайыздан астамының тозығы жеткен.

Президент сұқбатта еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары бой көтеріп жатқанын айтты. Сөзіне дәлел, былтыр 137 мың шәкірт үшін 165 жаңа мекеме ашылды. Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 369 нысан салынады. Сарапшылар сұқбатта бұдан өзге де көп тың ақпарат пен жаңалық айтылды, - дейді.

Мирас ЖИЕНБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ЖЕТЕКШІ САРАПШЫСЫ:

Мемлекет басшысы сұқбатта барлық саланы қамтыды. Ішкі, сыртқы саясаттағы өзгерістерден бастап, болашақ жоспарлармен бөлісті. Саяси және экономикалық реформалардың нәтижесімен бөлісіп, жылды қорытындылады.