Словенияда
өз қызметін жүзеге асыратын қазақстандық әртістер мен спортшылар салықты сол
елге төлейді. Ал мемлекеттік қызметкерлердің салығы Қазақстан бюджетіне кетеді.
Бүгін Мәжілісте «Қазақстан мен Словения арасындағы конвенцияны бекіту туралы»
заң жобасын талқылау барысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай деді. Айтуынша,
екі ел арасындағы конвенцияны ратификациялау, біріншіден, заңды және жеке
тұлғалардың табысына қосарланған салық салуды жоюға мүмкіндік береді.
Қазақстан
мен Словения арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға жол ашады. Екі ел
арасында салықтан жалтаруды болдырмауға да септігін тигізбек. Соңғы он жылда
мемлекеттердің өзара тауар айналымы 1 миллиард 23 миллион долларға жеткен. Ал
Словениядан тартылған инвестиция 16 миллион долларға жуық. "Заңды бекіту
уағдаласушы мемлекеттерде қызметiн жүзеге асыратын әртістердің, спортшылар мен
мемлекеттік қызметшілердің, студенттердің табысы мен өзге де төлемдеріне салық
салудың айқын тәртібін көрсетеді", - деді Бақыт Сұлтанов.
Бақыт
Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:
Мемлекеттік
қызметшілер, мысалы, Қазақстанның қызметшілері барып жұмыс істеген кезде,
бұлардың салығын Қазақстан алады. Зейнеткерлерге де осылай. Ал егер спортшылар
мени әртістер барып жұмыс істеп, сол жақтан табыс тапса, сол жерден салық
төлейді олар. Осындай принциптер барлық конвенцияда қолданылады.