$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда жеке үйде жарылған газдан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды

04.01.2024ж. 20:00
738
Атырауда жеке үйде жарылған газдан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды

Атырауда жеке үйде жарылған газдан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды. 53 жастағы әйел есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер денесін толық күйік шалған екі сәбидің жағдайы да тым нашар деп отыр. Олар қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде.

Ержан ЕСБОЛАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ЕМДЕУ ІСІ БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі таңда динамикада тұрақсыз. Оң динамика жоқ. Балаларға мамандар тарапынан барлық көмек көрсетілуде. Сонымен қоса республикалық деңгейдегі астана қаласының мамандарымен кеңес жүргізіліп жатыр.