$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне былтыр 100 мың азамат көмек сұрап жүгінген

04.01.2024ж. 20:00
725
«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне  былтыр 100 мың азамат көмек сұрап жүгінген

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне былтыр 100 мың азамат арыз-шағымын арқалап келген. Көтерілген мәселенің 55 проценті оң шешімін тапты, -дейді фракция мүшелері. Ұйым шалғайдағы 500 ауылдың тұрғындарын мобильді бөлме арқылы қабылдаған. Сонымен қатар, 5 мың онлайн-трансляция кезінде азаматтар мемлекеттік орган басшыларына мәселелерін тікелей жеткізді.

Республикалық қоғамдық қабылдау бөліміне көмек сұрап келген астаналықтың бірі - Дәулет Керейбаев. Ол - LikeKomek қайырымдылық дүкенінің негізін қалаушы. Былтыр оның 8 дүкені халықтан жинаған 160 тонна киімді мұқтаж жандарға таратып берген. Бүгінде қала бойынша 50-ден астам киім қабылдайтын бокс орнатылған. Келіп түсетін киімдердің ішінде киюге жарамайтындары да табылады, - дейді ол. Ендігі мақсаты - қажетсіз маталарды қайта өңдеу зауытын ашу.

Дәулет КЕРЕЙБАЕВ, КӘСІПКЕР:

 2023 жылы біз партия «AMANAT»-қа хат жазып, кездесіп партиямен, бізге қазір көмек көрсетіп отыр. Мысалы, Кенесары 25-те партия бөлімшесінде осындай бокс орнаттық. Және де Жеңіс Қасымбековичпен кездесуге көмек көрсетті. Сол арқылы бізге кредитование арқылы газель берілді. Роман Склярмен кездесіп, қазір киімді қайта өңдеу заводын ашайын деп жатырмыз.

Партияның республика бойынша 226 қоғамдық қабылдау бөлмесі бар. Былтырғы жұмыстың қорытындысы бойынша, көмекке жүгінгендердің 63 проценті – әйел. Екінші кезекте - көпбалалы аналар мен толық емес отбасылар. Олардың үлесі – 21 процент. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар да қоғамдық қабылдауға жиі келеді. Осыған дейін көмек сұрап келгендердің 14 проценті жан-жақты қолдау тапқан.

Мөлдір ДӘУЛЕТОВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ:

Былтыр заңнамалық қолдауға бағытталған «Құқықтық көмек» партиялық жобасын іске асырдық. Жыл ішінде 2 мың кездесу өткізіп, 6 мың азаматқа құқықтық көмек көрсеттік. Атап айтқанда, толық заңнамалық көмек, құжаттарын рәсімдеу, медиативті келісім және ауызша кеңес беру.

2023 жылы республика бойынша 24 мыңнан астам қоғамдық қабылдау өткізілген. «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері әр деңгейдегі мемлекеттік орган басшылары мен халықты байланыстырушы көпірге айналып отыр.