$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Әкім орынбасары қамауға алынды

AstanaTV
04.01.2024ж. 16:28
812
Әкім орынбасары қамауға алынды

Алматыда Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайтында жарияланды.

Шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Алдын-ала мәлімет бойынша ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде «сыйақы» алған. Бұл қаражат мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға және қамқорлыққа алуға арналған.

Cот санкциясымен күдікті қамауға алынды.