$474.83 €518.99 ₽5.4
×

Оралдық мүгедектер қоғамдық көлікпен қатынау қиын екенін айтып шағымданды

AstanaTV
21.12.2016ж. 20:00
2520
Оралдық мүгедектер қоғамдық көлікпен қатынау қиын екенін айтып шағымданды

Оралдық мүгедектер қоғамдық көлікпен қатынау қиын екенін айтып шағымданды. Автобустарда, ұшақ пен пойызда қамкөңіл жандардың қажеттілігі ескерілмеген,- дейді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырған «Жұмыспен қамту және халықтың әлсіз топтарын қолдау» бағытындағы жиында айтылды. Қоғамдық орындарда пандустар жеткіліксіз, - дейді жиналғандар. Биыл 46 нысанға орнату жоспарланған, бірақ тек 20 ғимаратқа қойылыпты. Ал шипажайларға жіберілген мүгедектер пойызға міне алмай, қуанышы су сепкендей басылған. "Астана-Орал" бағытындағы пойызда кемтар адамдарға бейімделген жалғыз вагон жөндеуде тұр.

Гүлмира Батпақұлова, «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

Мүмкіндігі шектеулі жандарға пойызға, ұшаққа отыру қиын. Өйткені олардан көмекшінің қызметін жиі сұрайды. Сондықтан біздің өтінішіміз - ұшаққа немесе пойызға арбаға арналған көтергіш құрылғылар алса, жақсы болар еді.

Нұротандықтар жағдайдың біртіндеп түзелетінін айтты. Биыл «Жұмыспен қамту және халықтың әлсіз топтарын қолдау» бағытында бірнеше жиын өтіп, кемтар жандарға жағдай жасау мәселесі талқыланды. Партияның араласуымен қоғамдық орындарда мүгедектерге арналған тұрақтар мен зағип жандар үшін нұсқағыштар қойылған. 29 мүгедек жұмысқа орналасты.

Ляна Тұрсынова, «Жұмыспен қамту және халықтың әлсіз топтарын қорғау» комиссиясының жетекшісі:

Партия халықтың әлсіз тобына қолдау көрсету жұмыстарына басымдық беріп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар «Нұр Отан»  партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға негізделген.

Еркін КАРИН