Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Жол апатына түсіп, 20 күн ес-түссіз жатқан фельдшердің жағдайы белгілі болды

AstanaTV
04.01.2024ж. 22:13
1497
Жол апатына түсіп, 20 күн ес-түссіз жатқан фельдшердің жағдайы белгілі болды

Ақмола облысында 20 күн ес-түссіз жатқан фельдшер жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Жол апатынан 28 жастағы дәрігер 20 күннен астам уақыт комада жатқан.

"Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының ұжымы Жанар Жеңісбекқызы Бектастың туыстарына, жақындарына және әріптестеріне шын жүректен қайғырып көңіл айтады. Жол-көлік оқиғасынан біз Целиноград подстанициясы Қабанбай батыр ауылы бөлімшесінің маманы-фельдшерден айырылдық", - делінген ведомствоның желідегі парақшасында.