$494.87 €520.65 ₽4.91
×

“Қоңырау шалсам бола ма?”

AstanaTV
05.01.2024ж. 00:23
481
“Қоңырау шалсам бола ма?”

 Шымкентте тұрғындардың телефонын алаяқтықпен жымқырып, ломбардқа өткізіп жіберген күдікті қолға түсті , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау АПБ-ға Түркістан облысының тұрғыны алаяқтық туралы арызданды. Ол бейтаныс жігіт телефонын қоңырау шалу үшін сұрап алып, белгісіз бағытқа қарай “ізін суытқанын” жеткізді. Кейін осыған ұқсас арызбен тағы бір азамат полицияға жүгінді.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 720 мың теңгені құрады.

Тәртіп сақшылары аталған жайттыҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы жігіт полиция басқармасына жеткізілді.

Тергеу барысында ер адам ұрланған смартфондарды ломбардқа өткізіп үлгергені анықталды. Сондай-ақ оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр