Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Иранда 84 адамды өлтірген шабуылды «Даиш» тобы өз мойнына алды

AstanaTV
05.01.2024ж. 12:22
563
Иранда 84 адамды өлтірген шабуылды «Даиш» тобы өз мойнына алды

Иранда 84 адамды мерт қылған алапат жарылыстарды «Даиш» тобы өз мойнына алды. Бұны осы топтың «Амак» ақпарат агенттігі мен телеграм-арналары хабарлап отыр. Екі бомба Керман қаласында генерал Касем Сулеймани жерленген зират маңында сәрсенбі күні іске қосылды. Сол сәтте бұл жерге марқұмды еске алу үшін халық көп жиналған.

Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. 

Кейіннен Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменей мәлімдеме жасап, қантөгісті ұйымдастырғандар қатаң жауап беретінін ескертті. Және де Иран үкіметі осы шабуылдар үшін бұған дейін АҚШ пен Израильді айыптаған еді.