Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қостанай облысында жасөспірімдер төбелесіп, бір бала қаза тапты

AstanaTV
05.01.2024ж. 14:18
507
Қостанай облысында жасөспірімдер төбелесіп, бір бала қаза тапты

Қостанай облысындағы шалғай елді-мекеннің бірінде жаңа жыл кеші қайғылы оқиғамен аяқталды. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. 



Оқыс жағдай Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылында болды. Мектеп ғимаратында өткен жаңа жылдық кеште тоғызыншы сынып оқушысы мен колледж студенті арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан 15 жастағы оқушы оқиға орнында қаза тапты.

Полиция Қылмыстық Кодекстің 106-бабының 3-бөлігіндегі «Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында бір-біріне күш көрсету әлімжеттілік азаймай тұр.