Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Жол-көлік апатын «Еуропротокол» қосымшасы арқылы онлайн тіркеу басталды

05.01.2024ж. 20:00
439
Жол-көлік апатын «Еуропротокол» қосымшасы арқылы онлайн тіркеу басталды

Енді екі көлік соғысса, полиция шақыру міндетті емес. Апаттан адам зардап шекпесе, тек машина зақымдалса, жүргізушілер өзара келісе алады. Бұрын мұндай келісім кезінде шығынды кінәлі жүргізуші өз қалтасынан төлейтін. Енді онлайн режимде «Еуропротокол» қосымшасында рәсімдеп, сақтандыру компанияларынан өтемақы өндіруге болады. Ол үшін бұрынғыдай сотқа жүгінудің де қажеті жоқ. Басты талап - шығын көлемі 369 мың теңгеден аспауы тиіс.

Мақсат БӘКЕШОВ, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ АГЕНТТІГІНІҢ МАМАНЫ:

Полиция келіп, протокол толтырып болғанша автокөліктерді апат орнынан қозғауға болмайды. Ал бұл мегаполистерде кептелісті одан сайын көбейтеді. Жаңа қосымша арқылы мәселені онлайн біржақты ету тараптардың уақытын үнемдейді. Әрі еуропротокол арқылы өтемақы 2 аптада жүргізушіге түседі. Бұрын сот арқылы 3-4 айда әрең алатын.

Көлік апаты жайлы деректер сәтті қабылданса, 10 минутта хабарлама келеді. Қате анықталса, процедураны қайта жасау керек. Еуропротокол арқылы декларациялау кезінде кінәлі тарап әкімшілік айыппұлдан құтылады. 1 қаңтардан бастап қосымша арқылы 1099 өтініш келіп түскен. Алайда оның 60 проценті онлайн рәсімдеуді соңына дейін жеткізбеген. Тек 6 апат «тіркелген» мәртебесін алды.