Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Үйден шығып кетті: Алматы облысында жоғалып кеткен әйел әлі табылмады

AstanaTV
05.01.2024ж. 21:21
791
Үйден шығып кетті: Алматы облысында жоғалып кеткен әйел әлі табылмады

Алматы облысында 10 күннен бері 33 жастағы әйелді іздестіріп жатыр. Мөлдір Әбдіманапова 25 желтоқсанда үйінен шығып, бүгінге дейін оралмаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Туысқандарының айтуынша ол 2023 жылы 25 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00-де үйінен шығып кетіп, бүгінге дейін қайтып оралмаған. Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.

«Еріктілер, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.