Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Елімізде күн күрт суытады

AstanaTV
06.01.2024ж. 00:06
696
Елімізде күн күрт суытады

Синоптиктер 5-8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

6 қаңтарда солтүстік-батыста қар көп жауады, ал оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады деген болжам бар.

7-8 қаңтарда солтүстік-батысқа, солтүстікке және орталыққа қалың қар түседі.

Сондай-ақ солтүстік өңірлердің жартысында көктайғақ болып, боран соғады. Жалпы елімізде тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік-батыс антициклонының суық ауа массасының енуіне байланысты батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста ауа температурасы күрт төмендейді. Батыста және солтүстік-батыста түнде ауа температурасы минус 8-25 градусқа дейін, ал солтүстікте минус 5-30 градусқа дейін, шығыста минус 5-18 градусқа дейін төмендеп, аяз түсуі мүмкін.

Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы -5 градус және +7 градус аралығында болады.