Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Зейнетақы қоры арқылы ипотеканы қалай жабуға болады?

AstanaTV
06.01.2024ж. 18:00
802
Зейнетақы қоры арқылы ипотеканы қалай жабуға болады?

Зейнетақы қоырндағы ақшамен ипотеканы жабуға бола ма? Ай сайынғы төлемдерді зейнетақы қорындағы ақшамен жабуға болады ма?

Кrisha.kz-тің мәліметінше ипотека төлемдерін жеңілдету үшін зейнетақы қорындағы артық ақшаны қалй пайдалануға болады, тіпті ол мардымсыз сома болса да.

Әрбір жас мөлшері үшін зейнетақы қорларының жеткіліктілігінің шегі белгіленеді, бұл БЖЗҚ шотында сақталуы тиіс жинақтың белгілі бір сомасы.

Қордан алуға болатын артық ақшаны және тұрмыс жағдайын жақсартуға, емдеуге пайдалануға немесе инвестициялық компанияның сенімгерлік басқаруына беруге болады.

Артық ақшаға пәтер, үй немесе құрылысқа жер сатып алуға болады. Немесе сома жеткіліксіз болса, оны ипотека бойынша бастапқы жарна ретінде пайаланыңыз, немесе сол жерде мүлік сомасының 50 пайызын жинақтау үшін «Отбасы банкіндегі» депозитке аударыңыз, содан кейін тұрғын үй несиесін рәсімдеңіз.

Несиесі бар адамдар үшін артық ақшаны ипотеканы ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеуге пайдалануға болады.

Ипотекалық төлемдерді зейнетақы жарналарымен жабуға бола ма?

Иә. Дегенмен, қолжетімді сома ай сайынғы ипотекалық төлемнен аз болса да, артық зейнетақыңызды пайдалана аласыз. Немесе керісінше, егер артық сома үлкен болса және оны толығымен пайдаланғыңыз келмесе, бір төлемге тең соманы алуға болады. Қалған ақша зейнетақы шотында қалады.

Ипотекалық несиені өтеу үшін артық зейнетақыны автоматты түрде шығаруға бола ма?

Жоқ. Әр жолы БЖЗҚ-дан қаражат алу үшін жаңа сұраныс толтыру қажет. Ақша шотқа түскеннен кейін 20 күн ішінде несиені өтеуге жұмсалғаны маңызды.

Банк бұл ақшаны уақытында есептен шығару үшін ақшаны алу күнін несие бойынша төлем күнімен сәйкестендірген дұрыс.

Ипотекалық төлемді өтеу үшін артық соманы алу туралы өтінішті ай сайын жасауға болады.

Зейнетақы төлемдерін қанша рет алуға болады?

Сіз артық соманы несиені мерзімінен бұрын өтеу үшін шексіз пайдалана аласыз.

Салымшы БЖЗҚ-дан алынған қаражатты бір мақсатқа немесе әртүрлі мақсатқа да бағыттауға құқылы.

Ипотека зейнетақы қорындағы ақшамен жабылса, пәтерді сатуға тыйым бар ма?

Жоқ.

Пәтерді ипотека өтеліп, пәтердегі ауыртпалық (кепіл) жойылғаннан кейін бірден сатуға болады.

Туыстарының зейнетақысын ипотека төлеуге жұмсауға бола ма?

Иә.

Ол үшін зейнетақыны табыстау (уступка пенсионных ) жасау керек. Ерлі-зайыптылар мен жақын туыстарының зейнетақысы:

ата-аналар;

балалар, оның ішінде асырап алынған балалар;

асырап алушылар;

асыранды;

аға-інілері мен апа-сіңлілері, оның ішінде туған туыстары;

ата-әжелер;

немерелері.