Атырауда тұрғын үйдегі газ-ауа қоспасының жарылысы кезінде өртке күйген үш айлық сәби шетінеп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан бір отбасының 5 адамы ауруханаға түскен болатын. Облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан үш айлық сәби қайтыс болды.
Облыстық балалар ауруханасында 2023 жылғы сәби көз жұмды. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде күйік шалған тағы бала жатыр, -деп делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.