$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Менің анам сол еді: Бельгиядан келген қазақ бала тағы қиындыққа тап болды

AstanaTV
07.01.2024ж. 22:28
1287
Менің анам сол еді: Бельгиядан келген қазақ бала тағы қиындыққа тап болды

Арқалықта туған, Еуропада өскен қазақ баласы Мұрат Севальев іздеу жұмыстары туралы өзінде бар соңғы жаңалықтармен бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, Жәнібектің анасы болуы мүмкін деген Жазира есімді әйелдің баласы басқа.

"Менің туған анамды табуға деген үмітімді үзбей, қолдап отырғандарыңызға рақмет. Осы бір күрделі жұмбақты шешу жолында әр адамның менің өмірімдегі рөлі ерекше, сіздерге алғыстан басқа айтарым жоқ. Қазақ радиосына барғанымда айтылған әйел – «Жазира» естеріңізде ме? Менің өмірге келген сәтімнен бастап бәрін айтып бере алатын әйел сол еді. Маған қатысты перзентханадағы ресми құжат бойынша менің туған анам деп жазылған адам да сол еді... Естеріңізге түсті деп ойлаймын", – деп жазды Instagram парақшасында.

Сілекей сынамасы арқылы жасатқан тест нәтижесі 0% болып шықты.

"Нәтижеге сенімді болу үшін басқа клиникаға екінші рет қан арқылы тест жасаттық. Біз тағы да теріс нәтиже алдық. Иә, шындық – осы. Мен тағы бір жылап алдым. Мен қатысып отырған эфирді көріп, ол әйел де жылапты. Қолда бар мәліметті қорытсақ, мені ауыстырып жіберген сияқты және мен құжатта жазылған Жәнібек те болмауым мүмкін...", – деді ол.