Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Кентау қаласының тұрғындары жылуға жарымай отыр

Кентау қаласының тұрғындары жылуға жарымай отыр

Кентау қаласының тұрғындары тоңып отыр. Қыс бел ортасына жақындады. Бірақ жылу әлі мардымсыз. Орталық небәрі 60 процент жылу беріп тұр. Парламент Мәжілісінің депутаттары жылу орталығына барды. Халық көтерген мәселемен танысты. Қазір небәрі 4 қазандық жұмыс істеп тұр. Оның үстіне көмірдің де сапасы сын көтермейді.

Гүлнар БАТЫРХАНОВА, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қайта күн жылы боп құдай сақтап тұр біздерді ше, күн суық болса анадағы өліп қалдық қой қашып-қашып, әрқайсымыз ағайын-туысқанның үйіне кеттік қой.

Әлия КЕНЖЕБАЕВА, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үйіміз мұздай болғаннан кейін мы вынуждены электр приборларды қосып жатырмыз. Ол деген сөз біз светті 4-5 есе қымбат төлеп жатырмыз.

№5 Жылуэлетрорталығын қайта жаңарту жұмыстары "Аманат" партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген. Оған 3 млрд теңге қаржы бөлініп, қазандықтардың құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылуда. Алайда жұмыс толық аяқталмаған. Желтоқсан айындағы қатты дауыл да кері әсерін тигізіпті. Ал кейбір үйлерге жылу жетіп тұрғанмен ішкі жүйелерді тұрғындардың жаңартпауы мәселені онан сайын ушықтырып тұр дейді.

Серік ҚАЙРАТҰЛЫ, «КЕНТАУ СЕРВИС» КӘСІПОРНЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл жұмыстар тамыз айында басталған болатын. Алайда зауыт изготовительдер россияда орналасқан көбісі құрылғылардың, бізде ондай Қазақстанда зауыттар жоқ, қазандықтарға оборудование дайындайтын. Сол себептен де графиктен кешігу бар. Ол декабрьде біту керек болатын. Қазір соны январьдың аяғына шегеріп отырмыз бір ай.

Қайрат БАЛАБИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Алдымыздағы айда толық тағы да екі қазандықты бітіреміз деп уәде беріп отыр. Бірақ ол кезде қыстың аяғы болады. Ол халыққа керек те болмай қалады. Халық ақшасын төлеп отырғаннан кейін жылу алу ол міндетті. Сондықтан біздер Мәжіліс депутаттары қандай да бір кемшіліктер, бөлінбей жатқан ақшалар болатын болса бізде мәжілістен бөліп беруге біздер атсалысамыз.