Спорт Қазақстан
$461.33 €501.65 ₽5.1
×

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында көшпелі отырыс өтті

AstanaTV
22.12.2016ж. 20:00
2144
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында көшпелі отырыс өтті

Отандық тауар өндірушілердің жеткен жетістіктері мен кемшін тұстары қандай? Осы сауалдың жауабын табу мақсатында «Нұр Отан» партиясының көшпелі отырысы өтті. Мақсат - қазақстандық өндірушілерді қолдау. Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы индустриялды даму бағытының кураторы Аманжан Жамалов және өзге де сала мамандары бастаған жиын алдымен астаналық «ССК» компаниясының жұмысымен танысудан басталды.

Жылына 500 мың шаршы метр шыны-әйнек шығаратын компанияның ісі - көптеген өндірушілерге үлгі. Екі ауысымда 130-ға жуық адам жұмыс істейді. Орташа жалақы 190 мың теңге көлемінде. Қондырғылар түгел автоматтандырылған. Бүгінде ішкі нарықты қамтамасыз етіп келе жатқан зауыт ЭКСПО ғимараттары үшін де өнім шығарады. Алайда күрмеуі қиын мәселелер жоқ емес.

Төлеген Сапаров, «ССК» компаниясының басшысы:

Тендерге қатысуда қиыншылықтар бар. Шет елдік компаниялар алдымызды орап кете береді. Олардан асып өтіп, көлем алу қиын. Білікті мамандар жетіспейді. Әлі де кеңестік кезеңнен келе жатқан мамандарға жүгініп отырмыз. Ертең олар зейнетке кеткенде, қиыншылықтар бола ма деп қорқамыз. 

Аманжан Жамаловтың айтуынша, бұл мәселелер болашақта партия бақылауында болады. Ал маман тапшылығына қатысты проблемаларды білім және ғылым министрлігімен бірлесіп шешуге тырысамыз дейді.

Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бизнес өкілдеріне осылардың тәжірибесін тарату - біздің мақсатымыз. Осы мәселені шешу үшін БжҒ министрлігінің бағдарламалары бар, соны жедел іске кірістіру керек. Соған көзіміз жетіп отыр.