$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Талдықорғанда жоғалған 14 жастағы қыздың анасы қалай өлтіргенін айтты

AstanaTV
08.01.2024ж. 18:06
1070
Талдықорғанда жоғалған 14 жастағы қыздың анасы қалай өлтіргенін айтты

Талдықорғанда 14 жастағы Карина Дорохина қарашадан бері із-түссіз кеткен еді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оның көптен бері мектепке бармай, хабар-ошарсыз кеткенін әкесінің туыстары байқап, анасына сұрау салады. Полицияға арыз жазуға келген анасы оның қарашадан бері жоқ екенін айтқан. Тергеу барысында әйелдің өтірігі шыққан.

Әйел Талдықорғандағы күйеуінің көлік жөндеу орталығында қызымен келіспей, ұрысып қалып, ашумен жіппен қылғындырып өлтіргенін мәлімдеген. Алайда, екінші нұсқасында күйеуінің ұрып өлтіргенін айтқан.

Оқушы қыз қайтыс болған сәтте ерлі-зайыпты Айсабакиевтер оны жол талғамайтын көлікке салып, Текелі жақтағы тау бөктеріне апарып, көміп тастапты. Олар құқық қорғаушыларды тау бөктеріне апарып, мәйітті көмген жерін көрсеткенмен, қыздың денесі табылмай отыр. Оған себеп, қарашадан бері қар көшкінінің орын алуы.

Оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр.