ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 00:07-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 639 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,8.
MPV магнитудасы – 4.8.
Жер сілкінісінің координаттары –43,89° с.е., 84,75° ш.б.
Тереңдігі – 35 км.
«Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген кезекші оператор хабарламасында.