$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Өзбекстан ғалымдары қызанақтан COVID-19-ға қарсы жаңа вакцина жасап шығарды

AstanaTV
09.01.2024ж. 10:59
845
Өзбекстан ғалымдары қызанақтан COVID-19-ға қарсы жаңа вакцина жасап шығарды

Өзбекстан ғалымдары коронавирус инфекциясына қарсы алғаш рет қызанақ өсімдігінен тікелей тұтынуға болатын генетикалық векторлар мен қызанақ өсімдігіне негізделген COVID-19 жаңа буындағы вакцина жасады. Kazinform бұл туралы frontiersin.org сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар коронавирустың S1 антиген ақуызын кодтайтын ген фрагментін арнайы векторларға орналастырып, оны қызанақ жасушасының геномына енгізді. Бұл жасушалардан S1 антиген ақуызын үнемі өндіретін қызанақ өсімдігі алынды. Осындай өсімдіктен алынған қызанақ жемісі 0,77 мкг/г мөлшерінде тұрақты S1 антиген ақуызын синтездейтіні көрсетілді және TOMAVAC вакцинасы ретінде таңдалды.

Белгіленген TOMAVAC вакцинасы тышқандар мен ерікті адамдарға сыналғанда, сарысуда (IgG) және ішекте бейтараптандыратын антиденелердің (IgA) жоғары деңгейін шығаратынын көрсетті.

Эксперимент нәтижесінде тышқандар мен еріктілерде жағымсыз жанама әсерлер байқалмаған.

Бұл зерттеу TOMAVAC екі фазалы (ішек шырышты қабаты және қан арқылы өтетін) қорғанысты қамтамасыз ететін қауіпсіз вакцина екенін көрсетті және ол ғылыми қауымдастыққа алғашқы тікелей тұтынуға арналған COVID-19 вакцинасы ретінде ұсынылды.

Маңыздысы, құрылған векторлық жүйе мен тәжірибе негізінде, қажет болған жағдайда, қысқа мерзімде мемлекетте әртүрлі инфекцияларға қарсы вакциналарды жасап, енгізу мүмкіндігі және мамандардың жаңа буыны қалыптасты.

Вакцина бойынша зерттеулер «Frontiers in Nutritional Immunology» (IF=5.0) беделді шетелдік журналында жарық көрді және тышқандар мен ерікті адамдарда жүргізілген иммуногендік, биоқауіпсіздік сынақтар нәтижелері жарияланды.