Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Индира Расылхан күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты

AstanaTV
09.01.2024ж. 14:11
692
Индира Расылхан күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты

Әнші Индира Расылхан күйеуімен ажырасып кеткенін айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол отбасыда көшбасшылықты өз қолына алған.

"Өзім жайлы айтсам, ұзақ болып кетейін деп тұр. Қысқасы, рөліміз ауысып кетті. Мен оған мәселені шешуге мүмкіндік бермедім. Үнемі "Өзім, өзім" деп, өзіме көп алып қойыппын. Біздің мәселе осы болған еді. Көбісі "Мен күйеуімді өзгертемін" деп тұрмысқа шығады. Алайда, ол мүмкін емес екен, қыздар! Балаларым толық емес отбасыда өсіп жатыр деп айта алмаймын. Ол балаларды қараусыз қалдырмады. Оларға қамқор бола алды. Мәселе менде еді. Кезінде көшбасшы болып кеттім ғой. Қазір дым білмейтін ақымақпын. Осы жерде не үшін ажырастыңыз деген сұрақ келеді. Ішкі әлем сай келмесе, қиын екен. Әлем бөлек болды", - деп жазды Индира Расылхан.