Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Геннадий Головкин әлемдегі ең бай 20 боксшының қатарына енді

AstanaTV
09.01.2024ж. 17:01
443
Геннадий Головкин әлемдегі ең бай 20 боксшының қатарына енді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кәсіби мансабындағы табысы белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

Wealthy Gorilla басылымының мәліметінше, Головкиннің кәсіби мансабындағы табысы – 30 миллион доллар. Геннадий осы табысымен әлемдегі ең бай боксшылардың тізімінде 20-орында тұр.

"Геннадий Головкин – көптеген жетістікке қол жеткізген қазақстандық боксшы. Ол орта салмақта екі рет әлем чемпионы атанған. Головкин 2017-2018 жылдар аралығында өз салмақ дәрежесінде үздік боксшы атанды және 394 рет жекпе-жекке шығып, ешқашан нокаутқа түскен емес. Ол әртүрлі брендтермен, соның ішінде әлемдегі ең қымбат сағаттарды шығаратын Hublot компаниясымен және Chivas Regal-мен жарнамалық келісімдер жасады", – деп жазды Wealthy Gorilla басылымы.

Геннадий өзінің соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізді. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіліске ұшыраған еді. Одан кейін Головкин рингке шықпады.