Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

№5 қалалық емхана соңғы 15 жылда алғаш күрделі жөндеуден өтті

09.01.2024ж. 20:00
602
№5 қалалық емхана соңғы 15 жылда алғаш күрделі жөндеуден өтті

№5 қалалық емхана соңғы 15 жылда алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында медициналық мекемені жаңартуға 420 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде ұйым ішінен жаңадан реабилитация, шұғыл көмек бөлімдері ашылды. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қала шетінде орналасқан емхана 65 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек көрсетеді.

Алтыншаш ТАБУЛДИНА, № 5 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

 Ремонт 6 айдың ішінде бітті. Бүгінгі күні сол ремонттың арқасында біз көптеген медициналық кабинеттер аштық. Оған оборудование алдық. Тағы да бізге компь ютерный томограф алып берді. Біздің агрогородок пациенттеріне керек болып тұрған соң бүгінгі күні сол қолжетімді болып тұр.

Соңғы үш жылда емхана дәрігерлерінің еңбекақысы 44, медбикелердікі 26 процентке артты. Бас дәрігердің айтуынша, бұл маман тұрақсыздығын жоюға оң әсер еткен. Дегенмен әлі де учаскелік дәрігерлер мен педиатр жетіспеушілігі бар. Тапшылықты жою мақсатында жергілікті бюджеттен арнайы оқу гранттары бөлінеді.

БЛИЦ-АУАЛНАМА:

- Ремонттан кейін жақсы. Ашық, іші жарық болып. Ремонттан кейін іші совсем әдемі болып кетті.
- Бәрі бар. Оборудованиесі да бар. Дәрігерлердің өздері де пациенттерді өте жақсы қабылдайды.