Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елімізге маска режимі қайта енгізіле ме?

Елімізге маска режимі қайта енгізіле ме?

Тек Қазақстан емес, қазір әлемде эпидахуал күрделі. Короновирус жұқтырғандар да күрт көбейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы аптада Польша, Чехия, Болгария, Латвия және Литва елдерінде Covid-19-бен ауырғандар саны артқан. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бетперде киіп, вакцина алуға шақырады. Жергілікті дәрігерлер де сақтық шараларына ден қоюға кеңес береді. Елімізге 2 млн. 400 мың доза вакцина әкелінген.

Эльмира ҚҰРБАНБЕКОВА, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. +Соңғы аптада 29 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында 45 жағдай тіркелді. Ал 1 қаңтардан бастап 24 жылдың 13 жағдай ғана тіркеліп отыр.