$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Талдықорғанда екі ай бұрын жоғалған 14 жасар қыз әке-шешесінің қолынан қаза тапқан

09.01.2024ж. 20:00
1035
Талдықорғанда екі ай бұрын жоғалған 14 жасар қыз әке-шешесінің қолынан қаза тапқан

Талдықорғанда екі ай бұрын жоғалған 14 жасар қыздың мәйіті табылды. Жасөспірімнің ата-анасының қолынан қаза тапқаны белгілі болды. Карина Дарохинаның көптен бері мектепке бармай, хабар-ошарсыз кеткенін өз әкесінің туыстары байқап, анасына сұрау салған. Полицияға арыз жазуға келген анасы оның қарашадан бері жоқ екенін айтты. Тергеу барысында әйел екінші күйеуімен қызды қасақана өлтіргенін мойындады. Оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 99 бабы бойынша іс қозғалды. Баланың анасы мен өгей әкесі қамауға алынды.

Меруерт МОРЯКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Оқушының денесі Текелі қаласының маңындағы таулардан табылды. Осы күнге дейін қыздың іздестірілуіне полицейлер, оларға көмек көрсеткен Ұлтық ұланның әскери қызметшілері мен еріктілер қатысқан. Іс ҚР Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.