Талдықорғанда полиция қызметкерлері екі бірдей адамды өлтірді деген күдікпен 43 жастағы ер адамды ұстады.
Белгілі болғандай, кейінгі бірнеше күнде күдікті көп қабатты үйлердің бірінің жертөлесінде тығылып жүрген. Қазіргі уақытта күдікті қалалық полиция бөліміне жеткізілді.
Полицияның мәліметінше, күдікті бұрын сотталған көрші Алматы облысының тумасы болып шықты. Ұсталған адам қазірдің өзінде кінәсін толығымен мойындады.