$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ұшақта темекі шеккен жасөспірім қыздың заңды өкіліне айыппұл салынды

AstanaTV
10.01.2024ж. 09:51
656
Ұшақта темекі шеккен жасөспірім қыздың заңды өкіліне айыппұл салынды

Әуе кемесінің бортында темекі шеккен кәмелетке толмаған жолаушы қыздың заңды өкіліне айыппұл салынды, деп хабарлады Polisia.kz.

SCAT әуекомпаниясының Атырау – Тараз бағытындағы рейсі ұшып келгеннен кейін Тараз қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері акт бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды.

Полицейлер тексеру барысында ұшақ салонында электронды темекі шеккен жолаушының Атырау қаласының 15 жастағы тұрғыны екенін анықтап, кәмелетке толмаған жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Сақшылар оған темекі шегудің, алкогольді ішімдік ішудің және басқа да қауіпті психотроптық заттардың денсаулыққа зиян екені туралы айтты. Сондай-ақ ұшақ бортында қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін түсіндірді.

Бұдан бөлек, қыздың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.