Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Атырау облысында кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалағандар ұсталды

10.01.2024ж. 20:00
339
Атырау облысында кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалағандар ұсталды

Атырау облысында кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалағандар ұсталды. Жедел іздестіру барысында Мақат ауданында кәсіпкерді қорқытып 2,5 миллион теңге алған күдіктілерді анықтаған. Олар -сол ауданының 34 және 35 жастағы тұрғындары. 1 миллион теңге алып жатқан кезде ұсталып, бірден қамауға алынды. Олар бұған дейін де кәсіпкерден қорқытып ақша алып отырған. Қазір тергеу басталып кетті. Айта кетейік, кәсіпкер тендерді аудан орталығында балалар алаңқайы құрылысы бойынша ұтып алған.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жедел іздестіру шаралары барысында аталған күдіктілерден ақша қаражатары тәркіленіп, олардың бұрын да 2023 жылдың қазан айынан бері аталған кәсіпкерден 4 жарым миллион теңге ақша қаражатын бопсалау арқылы алғандықтары анықталды. Сондықтан олардың әрекеттеріне қатысты қылмыстық іс тергеліп, адамдар тобының ақша қаражатын бопсалап алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.