$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжар өңірінде қызылша жұқтырғандар саны бір айда 3,5 есе көбейген

10.01.2024ж. 20:00
638
Қызылжар өңірінде қызылша жұқтырғандар саны бір айда 3,5 есе көбейген

Қызылжар өңірінде қызылша жұқтырғандар күрт көбейді. Бір айда 3,5 есе артқан. Аймақта 2023 жылдың басынан бері қауіпті инфекцияға шалдыққан 403 науқас тіркелді. Оның 80 проценті -вакцина алмаған. Өңірде инфекцияға қарсы иммундау науқаны жалғасып жатыр. 16 мыңға жуық адам екпе салғызып үлгерген. Бүгінгі күні 32 науқас стационарлық ем қабылдауда, оның 23-і – бала. Ал жансақтау бөлімшесінде жатқан пациенттер жоқ, дейді сала мамандары.

Нұржан ТАҒАНИЯЗОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қызылша энцефалиті мен пневмания тіркелген жоқ. Облыс бойынша вакцина жеткілікті. 265 медициналық пункт бар, екпе алатын. Оның 37-сі осы Петропавл қаласында.