$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарақат Әбілдина өмірлік жар таңдағанда нені ескеру керегін айтты

AstanaTV
10.01.2024ж. 21:44
1509
Қарақат Әбілдина өмірлік жар таңдағанда нені ескеру керегін айтты

Қарақат Әбілдина қазір белең алып отырған тұрмыстағы зорлық-зорлық мәселесіне қатысты пікірін білдіріп, қыздарға ақыл-кеңес айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«1001 түн» бағдарламасының қонағы болған қазақстандық әнші, көпбалалы ана Қарақат Әбілдина елімізде соңғы уақытта жиілеп кеткен зорлық-зомбылық тақырыбында пікір білдірді. Әншінің сөзінше, өмірлік жар таңдаған кезде алдамшы сезімге берілмей, оны жақсылап тану маңызды.
Алдамшы сезімге берілме. Өмірлік серігіңді таңдаған кезде сен оның тегі кім, қай жақтан екенін зерделеп, біраз жүріп, көзіңді жеткізіп, әрі-бері тануың керек. Содан кейін ең әуелі адам өзінің өміріне үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Аяқтарын шалыс баспау үшін өздері қыз болып жүрген кездің өзінде шошаңдамай жүруі керек. Қалай болса, солай жеңіл жүріске салынып, от басып қалып жатады. Сондай жағдайдың салдары жақсы болмайды. Сондықтан да «қызға қырық үйден тыю» дейді, - деді ол.

Қарақат Әбілдина атап өткендей, отбасында көп жағдай әйелге байланысты. Дегенмен қыз-келіншектер некелі жарына сүйіп қосылса, сезіммен қосылса, қандай жағдай болмасын олар бір-біріне мейірімді, қайырымды, кешірімді болады. Олардың арасындағы жағдай насырға шаппайды.

Шынын айтқанда көп нәрсе айналып келгенде біздің күнделікті тұрмыс-тіршілікте де, әдемі бақытты отбасының кілті де оның сыры да құпиясы да соның ең негізгі өзегі, негізі әйел адам. Қалай айтсаңыз да ол солай. Себебі көп сұрақ, жауапкершілік бізге жүктеледі. Отбасылық қарым-қатынас, бала тәрбиесі, үйдегі тіршіліктің барлығы әйелден сұралады. Бала сабақты жақсы оқымай жатса да анасы жауапты. Сондықтан да қыздарға, сіңлілеріме от баспау үшін, өкінбестей өмір сүру үшін кішкене өз болашақтарыңызға, өмірлеріңізге абайлап қадам басыңыздар деп айтқым келеді. Әрине бір адамды толық танып-біліп үлгермейсің, дегенмен де шамалы уақыт жүріп, көз жеткізіп, содан кейін тұрмысқа шықса екен, некелі жарына сүйіп қосылса, сезіммен қосылса екен деймін. Сезім барда сенім пайда болады. Адал таза махаббатпен қосылған екі адам қанша жерден, қандай жағдай болмасын бір-біріне мейірімді, қайырымды, кешірімді болады. Олардың ісі насырға шаппайды, олар жамандыққа бармайды, - деп түйіндеді әнші.

Айта кетейік, кеше белгілі әнші Рахат Тұрлыхов әйелін ұрып-соқты деп айыпталып, сот алдында жауап берген болатын. Алайда бүгін әнші мен жұбайы мәлімдеме жасап, араларында барлығы жақсы екеніне сендірді.