Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Ақмолада жолда қалған 75 адам эвакуацияланды

AstanaTV
11.01.2024ж. 08:56
563
Ақмолада жолда қалған 75 адам эвакуацияланды
Ақмола облысында бір тәулік ішінде жолда қалған 75 адам эвакуацияланды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде өңірде боранға байланысты республикалық маңызы бар 8 автожол және облыстық маңызы бар 15 автожол жабылған.

Құтқарушылар қар құрсауында қалған автокөлік иелері мен жолаушыларын эвакуациялап жатыр. 

«Бір тәулік ішінде облыс аумағында 75 адам эвакуацияланды. Олардың барлығы төрт жылыту пунктіне орналастырылды», - деді ведомстводан.

Осы ретте ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарына боранды күндері елді мекен аумағына алыс жолға шықпау жөнінде кеңес береді.