$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда таксист өзін пышақпен қорқытқан жолаушыдан құтылу үшін әдейі полицияның көлігін соққан

AstanaTV
11.01.2024ж. 11:58
1000
Қостанайда таксист өзін пышақпен қорқытқан жолаушыдан құтылу үшін әдейі полицияның көлігін соққан

Қостанайда такси жүргізушісін пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылады, - деп хабарлайды polisia.kz.

Қостанай облысының полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты.

6 қаңтардан 7 қаңтарға қараған түні Рудныйдың екі тұрғыны облыс орталығына таксимен барған. Жолаушылардың бірі қалаға кіре берісте такси жүргізушісінің мойнына пышақ тақап, ақша талап етіп, оны басқа елді мекенге жеткізсін деген.

Такси жүргізушісі полицейлердің қызметтік көлігін көріп, назарын аудару үшін әдейі соқтығысқан. Осы сәтті пайдаланып, ол көліктен қашып шыққан. Осы кезде күдікті оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Бірақ оны патрульдік полицейлер тез арада ұстады.

"Тонауға оқталу" қылмыстық іс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомство қақтығыс нәтижесінде ешкім зардап шекпегенін атап өтті. Қызметтік автокөлікке елеусіз материалдық залал келтірілді", - деп хабарлады полиция.