Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда NEET санатындағы жастарға арналған комьюнити орталықтары ашылды

11.01.2024ж. 20:00
579
Алматыда NEET санатындағы жастарға арналған комьюнити орталықтары ашылды

Алматыда NEET санатындағы жастарға арналған 8 комьюнити орталық ашылды. Мұнда жастарды қолдау үшін қажет нәрсенің бәрі бір жерде жинақталған. 14-35 жас аралығындағы тұрғындар мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес алып, психологиялық және заңгерлік көмекке жүгіне алады. Бұдан бөлек өз уақыттарын тиімді өткізіп, жұмыссыз жастарға арналған қысқамерзімді оқыту курстары аясында жаңа мамандықты үйренуге мүмкіндігі бар.

Медина АСХАТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бір айлық курс өте қызықты өтті. Өзіме көп нәрсені алдым. Және өзімнің артымнан достарымды шақырып, қазір осы жерде достарым білім алады және оқиды. Осы курстардың жастарға деген пайдасы - кейбір жастар мамандықтары ұнамаса, олар осындай курс арқылы басқа мамандықтарды оқып, ұнайтын мамандығымен жұмыс жасай алады.

Аталған орталықтардың басты мақсаты – жастардың жан-жақты дамып, қоғамда өз орнын табуға қолдау көрсету. Алматыда 680 мыңнан астам жас тұрса, соның шамамен 7,3% - ы NEET санатына жатады. Яғни, жұмыс істемейді, не оқымайды. Қаланың 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы аясында алдағы уақытта тағы 8 комьюнити орталық ашылмақ.

Бағдат АНАРБАЕВА, АЛМАЛЫ АУДАНЫ КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бізде онлайн платформамыз бар «Jas Almaty» деген. Сол платформаға кіріп, сол жерде де толыққанды ақпаратты алып, сол жақта да курстарға тіркелсе болады. Жалпы комьюнити орталықтардың көлемі әртүрлі. Кем дегенде 300 шаршы метр. Яғни бір комьюнити орталықта кем дегенде 100-150 адам бір сәтте түрлі көмектерді ала алады.