Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматы облысында Жаңа жылдық отырыстан кейін 3 адам уланып қайтыс болды

11.01.2024ж. 15:31
267
Алматы облысында Жаңа жылдық отырыстан кейін 3 адам уланып қайтыс болды

Алматы облысында 3 адам уланып қайтыс болды.Үлкен Ақсу ауылының 6 тұрғыны мерекені тойлап, екі күннен кейін Ұйғыр аудандық орталық ауруханасына жеткізіліпті. Оларға ауыр дәрежедегі улану диагнозы қойылды. 43, 37 және 36 жастағы үш азамат жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Ернар САЙДІЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне адам өлімі дерегімен аудандық полицияда тіркелді. Қазіргі таңда дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалумен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптама нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалды шешім қабылданатын болады.