Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Павлодарда жылқы іздеуге шыққандар қар құрсауында қалып қойған

AstanaTV
11.01.2024ж. 17:48
387
Павлодарда жылқы іздеуге шыққандар қар құрсауында қалып қойған

Павлодар облысында жылқыларын іздеген тұрғындар қар құрсауында қалып қойған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бесқауға ауылының тұрғыны Балғабек Тақижанов учаскелік инспектор Жәнібек Қасымовқа 9 жылқының жоғалғаны туралы жүгінді. Белгілі болғандай, ауыл тұрғыны екі күн бойы жылқыны өздігінен іздеген, бірақ нәтиже болмады.

– Біз жылқыларды бірден іздеуді бастадық. Осы күні маған зейнеткер Бөгенбай Көпеев қоңырау шалып, жұбайымен бірге далада, қар құрсауында қалып қойғанын хабарлады. Балғабек екеуміз бірден аталған жерге қарай бет алдық, көлікті қар үйіндісінен шығаруға көмектестік. Содан кейін автокөлікті сүйретіп алып, оны шығарып алдық, – деді учаскелік полицей Жәнібек Қасымов.

Кейін жылқыларды іздеуді жалғастырып, оларды ауылдан 15 км қашықтықта таптық. Келесі күні жылқы иесі GPS трекерлерін пайдаланды, бұл арнайы мойынтақтар бүкіл табынның орналасқан жерін бақылай алады.