$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодар облысында 110-нан аса ауыл жарықсыз қалды

AstanaTV
11.01.2024ж. 19:06
741
Павлодар облысында 110-нан аса ауыл жарықсыз қалды

Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 117 ауыл жарықсыз қалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

11 қаңтарға қараған түні өңірдегі 117 ауылда электр қуаты өшкен.

Бүгін сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 101 ауылға (8 543 абонент) жарық берілді. 16 ауылда (930 абонент) электр энергиясын беру үшін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Облыста 65 бригада тұрғындарға жарықты уақытында беру үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Павлодар, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс және Аққулы, Ақсу аудандарындағы кейбір ауылдар жарықсыз отыр.