The Washington Post басылымы Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловтың өлтірілуі Путин мен Ердоған режимдері арасындағы альянсты тек жақындастырды деп жазды. «Бұл Сириядағы азаматтық соғыстың соңғы бөлігінен АҚШ-ты шығарып тастап, Вашингтонның Таяу Шығыстағы ықпалын азайтуға апарады» деген. Дәл осы байлам соғыс болып жатқан аймақтарда түрлі державалардың ойлағаны мүдде тартысы екенін дәлелдейді.
Досым Сәтпаев, саясаттанушы:
Ресей елшісінің өлтірілуі қауіпті индикатор. Ресей мен Түркия Сирияда белсенділігін арттыратын болса, оларға да, олардың одақтастарына да соққы жасалады. Бірақ Ресей мен Түркия байланыстарын одан әрі нығайта түсетіндерін көрсетті. Өйткені Мәскеу де, Анкара да Сирия бойынша келіссөздер жүргізгеннің конфронтациядан мың есе артық екенін түсінеді. Ал Түркиямен арада кілтипаны бар Иран осы келіссөзге араласса, Сирияға сәйкес келіссөздер өлі нүктеден жылжыр еді.
Әзімбай Ғали, саясаттанушы:
Сүннит әлемінде бәріне кінәлі шииттер, Асад деп қаны қарайып жүрген адамдар көп. Ұйымдар, жеке бір адамдар Ресейге қарсы терактіге бекінуі мүмкін. Бұл Ресей жүргізіп отырған әскери операциялардың салдары. Ресей ресми адамдарының, оның ішінде елшілік қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек еді. Осы тұста қателіктер жіберілген.
Сирия бойынша келіссөздерді Астанада жүргізу мүмкіндігін Ресей президенті айтқан етін. Түркия президенті де сөйдеген. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болатын және ымыраға шақыру бойынша имидж қалыптастырған Астана әрине, дайын.
Досым Сәтпаев, саясаттанушы:
Бұл келіссөздің өзі «қызық» - ол Түркияның белсене араласуымен, Сирия оппозициясы, ресми Дамаск өкілдерінің қатысуымен өтеді деп жоспарланып отыр. Өздеріңіз білесіздер, Сирия бойынша келіссөздердің екі раунды Астанада бұған дейін де өтті. Алайда ол кездерде ресми билік өкілдері қатыспаған. Егер жоспарланып отырған келіссөздер алдағы қаңтар айында Астанада өтсе, қандай да бір контурлар сызыла ма деген қызығушылықты оятады. Алайда түрлі радикалды топтар ешқандай да келісімнің болмағанын қалайды. Бұл ретте Ресей мен Түркия ғана емес, Қазақстан дипломаттары да нысанаға алынуы ғажап емес. Себебі Астана Анкараға да, Мәскеуге де қолдау көрсетіп келеді.
Түркия мен
Ресейдің неге өштеспегендерінің астары – Ресей/Иран да соны қалайды/, Башар
Асад режимін құлатуды көздегендерді ығыстырып, Ал Түркия Сирияның солтүстігіне
күрдтердің бақылау орнатуына кедергі келтірмек.The Times-ң жазуынша, Трамп АҚШ-ты «іскерлік» стильмен басқарады –
Америка авторитарлық лидерлермен келісімге келе береді, өз мүддесіне қайшы
келмесе болды. Және либералды тәртіп орнатуға ұмтылмайды. «Бірақ Путин де, Ердоған да скептиктер – олар Трамп ықпалды лоббидің
құрбанына айналады деп есептейді. Екеуі де билікте 2024 жылға дейін қала алады.
Ал бұл Таяу Шығысты бөлшектеп, «көңілі қалған» Батыстың аймақтан тездетіп
кетуін бақылауға жететін уақыт», - деп қорытындылайды.