Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Түркістан облысында банк қызметкері тұрғындардың атынан 21 млн теңге несие рәсімдеген

Түркістан облысында банк қызметкері тұрғындардың атынан  21 млн теңге несие рәсімдеген

Түркістан облысында банк қызметкері тұрғындардың атынан несие рәсімдеп, 21 млн теңгені қалтаға басқан. Қазығұрт ауданынан бір топ адам полицияға шағымданды. Тексеру нәтижесінде кезінде банкке түрлі себеппен жүгінген 47 адамның сан соғып қалғаны белгілі болды. Күдікті қазір қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Гүлнар ӘБДІРАХМАНҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Күдікті ретінде 31 жастағы бұрын банк менеджері болып жүмыс істеген ер азамат анықталып, ұсталды. Тергеу барысында белгілі болғанындай, ер азамат өзінің алдына келген клиенттердің құжаттарын пайдаланып, 70 мың теңге мен 1 млн теңгенің аралығында несие рәсімдеген. Яғни 47 адамның атынан несие рәсімдеп, 21 млн теңге шығын келтірген.