Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Әзербайжан азаматтық ұшақтар шығара бастады

AstanaTV
12.01.2024ж. 18:42
728
Әзербайжан азаматтық ұшақтар шығара бастады

«Global Force Technology Inc» компаниясы Әзербайжан аумағында авиациялық қозғалтқыштар мен кіші азаматтық авиацияға арналған ұшақтар өндірісін бастау жобасын жасап шықты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Осы жобаның арқасында саладағы жаңа технологияларды пайдалана отырып, өндіріс жанданады. Компания жобаны екі жылдан бері дайындаған.

Нарықты зерттеу бұл – өңірдегі осындай алғашқы өндіріс болатынын көрсетті. Жобаны жүзеге асыру арқылы Әзербайжан әлем нарығына шығып қана қоймай, жоғары технологиялы авиация өнімін өндіруші ретінде ел имиджін көтереді.

Жобаны жүзеге асыруға қажет құжаттар рұқсат пен сертификат алу үшін мемлекеттік органдарға жіберілді.