$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада қаңтар басталғалы 100-ден астам адам қызылша жұқтырған

AstanaTV
12.01.2024ж. 21:34
740
Астанада қаңтар басталғалы 100-ден астам адам қызылша жұқтырған

Астанада қаңтар басталғалы 110 адам қызылша жұқтырғанБұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Елордада биыл қаңтардың 11 күнінде қызылшаның 289 бастапқы және 110 расталған жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында жағдай – 81. Елордада қызылша жұқтырғандар саны күн сайын 45-тен 30 жағдайға дейін төмендегенімен, жағдай әлі де күрделі болып қала береді», - деп айтты дәрігер.

Оның айтуынша, науқастардың шамамен 79 пайызы – қызылшаға қарсы екпе алмаған азаматтар. Бұл – аурудың негізгі себебі.

Науқастардың ішінде қызылшаға қарсы вакцинация алғандар тек 5 пайыз, ал вакцинация мәртебесі белгісіз науқастар – 16 пайыз.

«Ауырғандар саны өсуінің басты себептерінің бірі - вакцинация деңгейінің жеткіліксіздігі. Әлемдік статистика көрсеткендей, COVID-19 пандемиясы кезінде қызылшаға қарсы вакцинация немесе ревакцинация алмаған халықтың саны артқан. Қызылша өте жұқпалы, яғни таралуы жылдам болатыны да рөл атқарып отыр. Қызылшаның таралуын болдырмас үшін топтық иммунитеттің жалпы көрсеткіші бүкіл халық арасында 85-90 пайыздан кем болмауы керек», - Сархат Бейсенова.