$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мергендер Олимпиаданың тағы 2 жолдамасына қол жеткізді

AstanaTV
13.01.2024ж. 13:53
723
Мергендер Олимпиаданың тағы 2 жолдамасына қол жеткізді

Бүгін Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына екі жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Kazinform.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, мергендер Олимпиаданың тағы 2 жолдамасына қол жеткізді.

Атап айтсақ, Александра Ле мен Никита Чирюкин Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болды.

Винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде Ұлттық құрама 2-орын алды. Командалық сында Александра Ле, Елизавета Безрукова мен Арина Алтухова бақ сынады. Қазақстандық мергендер арасында ең көп ұпай жинаған (589 ұпай) Александра финалда 7-орынға тұрақтап, Ұлттық құрамаға Париж ойындарының жолдамасын сыйлады.

Ал жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Никита іріктеуде 584 ұпай жинап, финалға 1-орынмен шықты. Ол біраздан кейін ақтын сында жүлдеге таласады. Соған қарамастан қазірдің өзінде Олимпиада лицензиясы оның уысында.

Қазір Ұлттық құрама еншісінде 5 жолдама болды. Оларды Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле мен Никита Чирюкин жеңіп алды.

Индонезия астанасындағы Азия чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады.

Алдыңғы Токиода өткен Олимпиадада нысана көздеуден ел намысын тек Юрий Юрков қана қорғаған. 

Осылайша, әзірше нысана көздеуден ел қоржынында Париж Олимпиадасының 5 жолдамасы (Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле, Никита Чирюкин) бар.

Айта кетейік, нысана көздеуде лицензия спортшының жеке өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі.