Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Сарапшы: Ұлттық теңгенің нығаюы - қысқа мерзімді көрсеткіш

AstanaTV
23.12.2016ж. 20:00
2236
Сарапшы: Ұлттық теңгенің нығаюы - қысқа мерзімді көрсеткіш

«Теңгенің нығаюы ұзақ уақыт сақталып тұрады деп айта алмаймын». Арнамызға берген сұхбатында экономист Сергей Смирнов осылай деді.

Сергей Смирнов, экономист:

Менің ойымша, теңгенің нығаюы - қысқа мерзімді көрсеткіш. Ұзақ уақыт осы бағада қалады деп айта алмаймын. ОПЕК елдері мұнай өндіру көлемін шектеу туралы келісім жасасқаны белгілі. Бұл өз кезегінде қара алтын құнының өсуіне әсер етті. Сондықтан келісімінің орындалуын бақылауда ұстайтын боламыз. Егер шарт бұзылса, мұнай арзандайды. Ол ұлттық валютамызға әсер ететін болады.

Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауда сессиясында доллар бағамы 328 теңге 18 тиынға тең болды.  Сарапшының пікірі, ел экономикасында теңгенің нығаюына әсер ететін қандай да бір өзгерістер жоқ, дегенге саяды.

Айта кетейік, «қара алтын» құны барреліне 54 доллар шамасында. Қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 332 теңгеге саудаланып жатыр. Еске салсақ,  биылғы 13 мамырда 1 доллар 329 теңге болды. Кейін теңге бағамы қайтадан әлсірей бастаған.

Айгүл ЕРМАХАН