$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кетті

AstanaTV
13.01.2024ж. 16:51
877
Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кетті

Үржар ауданында, Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде қатты желдің салдарынан коммерциялық жолаушылар автобусының 31 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жыраға түсіп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция автобустың Қабанбай батыр ауылынан Алматыға бағыт алғанын хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам ауруханаға түсті. Қазір автобусты жырадан шығару жағы қарастырылып жатыр.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.