Қарағанды қаласында өрттен 14 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды.
13 қаңтарда он қабатты тұрғын үйдің электр бақылау жәшіктерінде 12 желілік метр электр сымының оқшаулағышы, сондай-ақ арба мен велосипедтің жанғыш бөліктері жанды. Өрт бір сағаттан аз уақытта сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
ТЖД күштері құтқару қалпақтарын қолданып, баспалдақпен 14 адамды құтқарды, оның 8-і балалар.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:
- сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз!
- электр құрылғылары мен желілерінің жұмысқа жарамдылығын қадағалаңыз!
- бірнеше электр құрылғыларының бір желіге қосылуына жол бермеңіз!
- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз!