Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Алматыда полицейлер мінген көлік апатқа ұшырады

AstanaTV
14.01.2024ж. 19:05
515
Алматыда полицейлер мінген көлік апатқа ұшырады

Алматыда Достық пен әл-Фараби қиылысында патрульдік көлік жол апатына ұшырады.

Toyota Camry 70 жүргізушісі әл-Фараби бойымен батысқа қарай Достыққа бұрылатын жол айрығымен келе жатып, Достық даңғылына бұрылмай, тік жолды жалғастырып, жол жиегіне соқтығысқан.

Ол даңғыл мен бордюрді кесіп өтіп, қалалық автобуспен соқтығысып, әрі қарай кете берген. Содан кейін көлік қайтадан жол жиегіне шығып, арнайы батальон полиция қызметкерлерінің көлігіне аударылған.

Патрульдік көлікте болған қызметкерлер, көлік жүргізуші мен оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды.