$498.34 €519.72 ₽4.85
×

2010 жылға дейін шығарылған көліктердің жүруіне тыйым салынуы мүмкін

AstanaTV
15.01.2024ж. 09:00
724
2010 жылға дейін шығарылған көліктердің жүруіне тыйым салынуы мүмкін

Ташкентте 2010 жылға дейін шығарылған көліктердің жүруіне тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Экологиялық ахуалды жақсарту үшін Өзбекстан астанасында автокөліктерге қатысты бірқатар шектеу енгізу ұсынылды.

Өзбекстан Экология министрлігінің мәліметінше, Ташкенттегі ауаның ластануына ағаштарды заңсыз кесу, көліктер бөлетін зиянды газдар және көмір мен мазут түтіні себеп.

"Бүгінде ірі қалаларда, оның ішінде Ташкентте атмосфералық ауаның ластануы электр және жылу энергиясы көздері, автокөлік шығарындылары көлемінің ұлғаюымен байланысты. Олардың жағымсыз әсерін азайту мақсатында тиісті шаралар әзірлеу қажет", - деп мәлім етті ведомстводан.

Сондай-ақ кәсіпорындар мен жылу орталықтарында көмір мен мазутты пайдалануға тыйым салу ұсынылады. Ведомство объектілердің барлық түрлерін (әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар объектілерден басқа) салуға мораторий жариялау, Ташкенттің айналасында жасанды су айдындары мен жасыл белдеу құру, сондай-ақ ауа сапасының көрсеткіштері жарияланатын мониторлар орнатуды орынды деп есептейді.