$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Табытта жатқан": такси тоқтатамын деп, 7 жыл бостандығынан айырылған қыздың тағдыры

AstanaTV
15.01.2024ж. 16:33
709
"Табытта жатқан": такси тоқтатамын деп, 7 жыл бостандығынан айырылған қыздың тағдыры

Ұрылар бәрін ұрлай алады. Тіпті адамның тағдырын да... Олар қолына түскен құрбанын бірнеше жыл құлдықта ұстауы немесе донор ретінде сатып жіберуі мүмкін. Біздің кейіпкеріміз жай ғана досының туған күніне барғысы келген. Алайда сол әрекетінен соң бостандықта жұтқан ауаны да аңсап қалды. Bugin.kz тілшісі 20 жасында тұтқынға түскен қыздың тауқыметті тағдыры туралы баяндайды.

1977 жыл. 20 жастағы Коллин Стэн Калифорниядағы жақын досының туған күніне барғысы келеді. Тас жолда такси тоқтатып тұрады. Біршама уақыттан соң, Гукер отбасы отырған көлік жанына келіп, жөн сұрайды. Ерлі-зайыпты жұп зиян тигізе қоймас деген оймен Коллин сенімді хәлде көлікке отырды.

Бастапқыда көлік дұрыс бағытпен жүрген. Қыз ештеңеден секем алмай, мейірімді сапарластарына қатты сенім артады. Дженис пен Кэмерон ашық-жарқын әңгіме айтады. Алайда Коллин бастапқыда әңгіме барысындағы әр сөзі жеке басына қауіп төндіретінін жете түсінген жоқ. Көлік бір кезде орманға тоқтайды. Ерлі-зайыпты қызды пышақпен қорқытады. Оны көліктен түсіріп, дыбыс естілмейтін ағаш дулыға кигізеді. Қылмыскерлер Ред Блафф қаласындағы үйлеріне бет алады. Коллиннің бітпестей көрінген азапты күндері басталады.

Ерлі-зайыптылардың үйіне келгеннен кейін Кэмерон Коллинді жертөлеге сүйреп апарады. Зорлайды. Сабап, қатты ұрады. Осыдан кейін ол Коллинді табытқа ұқсайтын тар ағаш жәшікке қамап қойған. Қылмыскер жас қызды күніне тек бір сағатқа босатып отырған. Ол уақытта қызды зорлап, ұрып-соғатын болған.

Қылмыскер жұп адам салынған қорапты төсегінің астына қоятын болған. Қорап тар еді. Коллин тіпті ауа жұтуды армандайтын дәрежеге жетеді.

Тұтқынға түскеніне бір жыл болғанда Хукер отбасы жас қызды қорқытады. Олар өздерінің "Компания" деп аталатын адам ұрлаумен айналысатын ұйым мүшесі екенін айтқан. Дженистің күйеуі тұтқыннан қашсаң, отбасыңды азаптап өлтіреміз деп қорқытқан. Қыз отбасының амандығын ойлағаннан құл болып өмір сүруге көнеді.

Көп ұзамай Кэмерон мен Дженис балалы болды. Осы кездері Коллинді өздеріне көмектесу үшін жиі босатып отырды. Дженис үйдегі құлды ұнатпайды. Себебі онымен күйеуі жыныстық қатынасқа түскенін қаламайтын еді. Кэмерон егер Коллинді тұтқында ұстамаса, әйелін жәшікке салып ұстағысы келетінін айтады. Дженис сол сөзден соң, Коллин туралы жақ ашпайды.

Хукерлер шаңырағындағы жағдай 1981 жылы біршама жақсарды. Ерлі-зайыптылар тұтқынмен бір мәмілеге келеді. Кэмерон қызды отбасына апарып, өзінің күйеу балалары екенін айтады. Коллиннің анасы мен әкесі оны қандай да бір ұйым қатарына қосылды деп ойлайды. Уайымдағанымен полицияға хабарласпайды. Қыздары өз аяғымен келгендіктен, жағдайы жақсы деп сенеді.

Осы оқиғадан кейін Коллин Стокгольм синдромына шалдығады. Өзін құлдықта ұстап отырған Кэмеронға ғашық болады. Ол туыстарын көруге мүмкіндік бергені үшін маньякқа ризашылығын білдіреді. Қыз әбден қажыған соң, психикасы бұзылып, өзін қылмыскерге ессіз ғашықпын деп ойлайды.

Бірақ қылмыскерге жәбірленушінің мінез-құлқындағы өзгерістер ұнамайды. Ол қайтадан Стэнді ағаш жәшікке қамап, бұрынғыдан да қатыгездікпен қарайды.

1984 жылы Кэмеронның әйелі шыдай алмай, тұтқынға "Компанияның" ойдан құрастырылған өтірік екенін айтады. Ол Коллинді алғаш алып кеткен аялдамаға апарады. Үш айдан кейін Дженис есін жинап, өзіне келеді. Полицияға басынан кешірген тауқыметін баяндайды. Кэмерон Хукер 104 жылға бас бостандығынан айырылды.

Коллин Стэн бостандыққа шыққан кезде, есі ауып, мең-зең болады. Тіпті Кэмеронға хабарласып, оған қайта оралуға әрекет жасайды. Бойжеткен біраз уақыт емханада болады. Қазір Коллин отбасылы. Өзін сүйетін, тағдырына құрметпен қарайтын ер адамға қосылған. Дүниеге сәби әкеліп, ана бақытын сезінген әйел. Қазір ол зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға көмектеседі.