Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ресейдің 46 өңірінде коронавирус жұқтырғандардың саны көбейді

AstanaTV
15.01.2024ж. 17:34
396
Ресейдің 46 өңірінде коронавирус жұқтырғандардың саны көбейді

Ресейдің 46 өңірінде коронавирус жұқтырғандардың саны көбейді. Науқастарға арналған ауруханалардың 90 пайызы толған. Ал мамандар ұзақ демалыстардан соң инфекция жұқтырғандардың саны тағы көбейеді дейді. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. 

Дәрігерлер ел ішінде қауіпті үш вирус жүргенін айтады. Жаңажылдық мерекелерден соң науқас күрт артқан. Елде тұрғындардың 60 пайыздан астамы коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптастыратын екпе салдырған, дегенмен ауру дес бермей тұр.

Наталья Викторова, қала тұрғыны:

Бұл адамның ішкі күйіне де байланысты деп ойлаймын. Қазір сақтық шараларын сақтауға тырысамыз. Себебі үнемі қалың топтың ортасында жүремін.

Бір айда бірнеше рет вирус жұқтырған науқастар да анықталды. Сондықтан елде карантиндік шаралар қайтадан күшеюі мүмкін. Яғни, адам көп шоғырланатын жерлерге кіру үшін вирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсыру міндетті.

Анна Вазникова, дәрігер:

Бүгінгі күні коронавирустық инфекция, сонымен қатар қызылша сияқты ауруларға қарсы вакцинация жүргізілуде. Екпе екі компонентті. Жастармен қоса, егде жастағыларға да инфекция салынуда.

Ресейде коронавирусқа қарсы 10-нан астам вакцина шығарылған. Алдағы уақытта мутацияға ұшыраған жаңа вирустарға қарсы екпе дәріханаларға жеткізіледі.