$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Александр Бублик кәсіби теннисшілер қауымдастығының жаңартылған рейтингінде 4 саты жоғарлады

AstanaTV
15.01.2024ж. 20:00
499
Александр Бублик кәсіби теннисшілер қауымдастығының жаңартылған рейтингінде 4 саты жоғарлады

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының жаңартылған рейтингі шықты. Әлемнің бірінші ракеткасы атағы серб Новак Джоковичке тиесілі болса, екінші орында – испандық теннисші Карлос Алькарас, ресейлік спортшы Даниил Медведев үздік үштікті түйіндеді. Отандастарымыздан Александр Бублик төрт позицияға көтеріліп, 27-ші орынға ие болды. Денис Евсеев 184-ші орында қалды, ал Бейбіт Жұқаев бес сатыға төмендеп, 193-ші орынға жайғасты.

Жұптық разряд бойынша бірінші орында американдық Остин Крайчек, одан кейін хорват теннисшісі Иван Додиг және үнділік Рохан Бопанна тұр. Қазақстандықтардан Александр Недовесов екі қатарға көтеріліп, 44-ші орынға ие болды, Андрей Голубев — 62-ші орында.

АТР-ДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН РЕЙТИНГІ ШЫҚТЫ

Теннис тақырыбын жалғастырамыз. ATP рейтингінде 417-ші орында тұрған тағы бір отандық теннисшіміз Дмитрий Попко Буэнос-Айрестегі турнирде өнер көрсетті. Ол перулік Гонсало Буэномен кездесіп, 6:4, 2:6, 6:7 есебімен ұтылды. Финалға қатысқаны үшін ол 25 рейтингтік ұпай жинады. Айта кетейік, Дмитрий Попко Буэнос-Айрестегі челленджерде бірінші іріктеу кезеңінен бастап өнер көрсете бастады және алты жеңіске қол жеткізді: ол Аргентина, Бразилия, Германия және АҚШ өкілдерін жеңді.

ПОПКО ҚАРСЫЛАСЫНА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Әлем жұрты асыға күткен Мадридтік «Реал» мен «Барселона» арасындағы ойын тартысты өтті деуге келмес. Испания Суперкубогының финалдық ойынында Карло Анчелотти баптайтын команда басымдық танытты. Қорытынды есеп: 4-1. Шеберлігіне шек келтірмейтін Винисиус Жуниор ойында хет-трик жасады. Айта кетейік, бразиялық ойыншы 3 голды 1 таймда салды. Тағы бір голды Родриго соқты. Барселоналықтардан Роберт Леванандовский есеп айырмасын қысқарта алды. Ал 71-минутта каталондықтардың жағдайы қиындай түсті. Екі сары қағаз алған Рональд Араухо алаңнан қуылды. Ойында бабы мен бағы жоғары болған Мадридтік клуб Испания Суперкубогын 13-рет жеңіп алды. Соңғы рет команда 2021/22 маусымда байрақты бәсегеде жеңіс тұғырынан көрінген еді.

«РЕАЛ» «БАРСЕЛОНАНЫ» ОЙСЫРАТА ЖЕҢДІ

Футбол жаңалықтарын жалғастырамыз. Тұманды Альбионда Ағылшын Премьер Лигасының 21-туры өтті. «Манчестер Юнайтед» және «Тоттенхэм» командалары арасындағы ойыннан жанкүйерлер нәтижелі ойын күткені анық. «Олд Траффорд» стадионында өткен ойын 2:2 есебімен аяқталды. Ойынның 3-минутында Расмус Хойлунд есеп ашып, «қызыл сойқандарды» алға шығарды. Манчестер қорғаушылары Тоттенхэмге қарсы ойында бір минутта босаңсуға болмайтынын біледі. 19-минутта Ришарлисон Юнайтед қақпасын дәл көздеп, есепті теңестірді. Соңғы кездері ала-ғұла ойын көрсетіп жүрген Маркус Рашфорд 40-минутта «қызылдарды» алға шығарды. Дегенмен, 46-минутта Родриго Бентанкур Тимо Вернердің пасын сәтті пайдаланып, таблодағы көрсеткішті теңестірді. Осы ойыннан кейін Эрик тен Хаг шәкірттері 32 ұпай жинап, 7-орынға көтерілді. Ал «Тоттенхэм» 40 ұпаймен 5-орынға жайғасты.

«МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД» «ТОТТЕНХЭММЕН» ТЕҢ ТҮСТІ

Мысыр құрамасы 2024 жылғы Африка Ұлттар Кубогында Мозамбик командасымен тең түсті. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Ойынның 2-ші минутында Мостафа Мохамед Мысыр құрамасын алға шығарды-оған Ливерпульдің шабуылшысы Мұхаммед Салах көмектесті. Алайда, үзілістен кейін Мозамбик құрамасы қатарынан екі гол соқты: 55-минутта Вити, 58-ші минутта Клезио Бауке көзге түсті. Мысыр жанкүйерлерінің көңілін 97-минутта Мохамед Салах көтере алды. Ол пенальтиді сәтті орындап, команданы жеңілістен құтқарды.

САЛАХ МЫСЫРЛЫҚТАРДЫ ҚҰТҚАРДЫ

Кәрім Бензема команданың жаттықтырушысы Марсело Гальярдоның шешімі бойынша «Әл-Иттихадпен» жаттығу жиындарынан шеттетілді. 12 қаңтарда әл-Иттихад ойыншылары қысқа демалыстан кейін Джиддадағы жаттығу базасына жиналуы керек еді. Француз шабуылшысы командаға қосылмады. Футболшының өкілдері Бензема Маврикийде ауа райының қолайсыздығына байланысты Сауд Арабиясына орала алмағаны туралы хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, Бензема 2023 жылдың маусымында әл-Иттихадтың ойыншысы болды. Шабуылшы лигада 15 матч өткізіп, 9 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. 28 ұпай жинаған Команда турнир кестесінде алтыншы орында. «Әл-Хилал» 53 ұпаймен көш бастап тұр.

«ӘЛ-ИТТИХАД» БЕНЗЕМАНЫ ЖАТТЫҒУДАН ШЕТТЕТІ

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін! Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.